“1. Uluslararası Avrasya Sağlık Turizmi Kongresi” ertelenmiştir.

26-29 Eylül 2016 tarihleri arasında Kazakistan’da düzenlenmesi planlanan “1. Uluslararası Avrasya Sağlık Turizmi Kongresi” ertelenmiştir. Kongre tarihi daha sonra bu sayfa üzerinden duyurulacaktır. Gönderilen bildiri özetleri ile birlikte tarihler yeniden belirlenene kadar gönderilecek özetler de değerlendirmeye alınacaktır. İlgililere duyurulur.

“1. Uluslararası Avrasya Sağlık Turizmi Kongresi”
Düzenleme Kurulu

БАСТЫ БЕТ

Тарихы көне замандардан бастау алатын Медициналық  Туризм саласы соңғы жылдары туризм саласында үлкен маңызға ие  және аймақтық қызмет көрсету саласында айтарлықтай орын ала бастады.

Бүкіл әлемде  шамамен 100 миллиард долларлық қаражат айналымы бар.

Атап айтқанда,  бір медициналық туристен түсетін пайда қарапайым туриске қарағанда 10-15  есе көп.

Денсаулық туризмінің қарқынды дамуы, бұл салада қызмет көрсететін мекемелер мен ұйымдар және мемлекеттер арасындағы «Бірлескен бәсекелестік стратегиясын жүзеге асыру бағдарламасы» енгізілген.

Денсаулық туризмі физикалық және психикалық дамуы мен жеке басы қасиеттерін  жетілдіру  үшін, жергілікті қоршаған ортаның тысында жоспарланған саяхат, әдеби зерттеулерде негізінен, медицина, табиғи минералды сулар, мүгедектер туризмі болып негізгі үш бағытта жұмыс жасайды.

Жаһандану ғасырында тасымалдау мен байланыс технологияларында байқалатын қарқынды даму,  егде жастағы халық санының артуы, құндылықтардың жоғалуы мен  адамдардың денсаулықтарына көңіл бөлуі мен көпшіліктің салауатты өмір салтын ұстануы денсаулық туризмінің күннен-күнге дамуына әсер етуде.

Азия мен Еуропа мемлекеттері арасындағы денсаулық туризмі аясында науқастардың ем алу жолдарының тиімді жоспарлануы, адамдардың одан да сапалы және қауіпсіз қызметті қолжетімді бағамен пайдалану жолдары қарастырылған.

Бұл мүмкіндік, сонымен қатар,  мемлекеттің экономикасы тұрғысынан қарағанда денсаулық саласына жұмсалатын шығындарға қарсы бір тиімді жол болып табылады.

27 қыркүйек  Дүниежүзілік туризм күніне орай,  Ахмет Ясауи университеті және Атылым  университетінің қолдауымен «І Халықаралық Еуразия Денсаулық Туризмі Конгресі»  ұйымдастырылады.

2016 жылдың  26-29 қыркүйек күндері аралығында Қазақстанның Түркістан қаласында ұйымдастырылатын бұл конгресс Медициналық туризм саласында потенциалы жоғары,  Еуропа мен Азия елдері арасындағы денсаулық туризмінің дамуына үлес қосумен қатар, мемлекеттер арасындағы экономика, саяси және мәдени байланыстың артуына да ықпалын тигізеді деп сенеміз.

Конгрес Медициналық туризм саласының дамуына үлес қосқан ғалымдар мен денсаулық пен туризм бағытында қызмет ететін барлық мамандар үшін де ақпарат, тәжірибе алмасуларына зор мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, осы салада кездесетін барлық түйінді мәселелер қарастырылумен қатар, оның шешімін табу жолдары да көрсетіледі.

Конгресті ұйымдастыруға қол ұшын берген барлық мекеме мен ұйымдарға рахметімді айта отырып, денсаулық туризмі саласындағы барлық мамандарды  конгреске қатысуға шақырамын.

 

Проф. Мұса Йылдыз
Қожа Ахмет Ясауи университеті
Өкілетті Кеңес төрағасы

Ұйымдастырушы мекеме

Қолдау көрсеткен ұйымдар